Іздеу
Жабу

Кері қайтару

Құрметті клиент!

Қазақстан Республикасының заңдарына сай, тұтынушы келесі құқықтарға ие:

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.

30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттері

1. Мыналарды:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдарын;

4) жануарлар мен өсімдіктерді;

5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы;

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда,

егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Осы заңға сәйкес, сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде, тауарлық түрін бұзбасаңыз, заттаңбаларын, этикеткаларын, қаптамасын ашпасаңыз және қолданбаған болсаңыз ғана кері қайтара аласыз!