Іздеу
Жабу

Несиеге сатып алу

Құрметті тұтынушылар!

Дүкеңімізде, "Home Credit Bank" арқылы 3 немесе 6 айға үстеме ақысыз бөліп төлеуді рәсімдей аласыз! Жеңілдігі жоқ, жаңа тауарларды сатып алынғын жағдайда, тұтынушыға қосымша ешбір жеңілдік берілмейді.

Таурлардың жалпы сомасына қатысты Банк тарапынан қойылған шектеу - 1 500 000 тенге. Қалаған тауарларыңыздың жалпы сомасы 1 500 000 тенгеден асқан жайғдайда, бір жарым миллионын бөліп төлеу арқылы рәсімдеп, артығын қолма-қол ақшамен төлеп жауып тастасаңыз болады.

Зейнеткерлерге, Банк тарапынан қойылған шектеу - 500 000 тенге. Зейнеткерлер ретінде әйелдер 59.5 жастан, ал ер кісілер 63 жастан болып саналады. Зейнеткерлер үшін ең үлкен жас - 75 жаспен шектеулі.

Артық төлемсіз бөліп төлеу несиесін рәсімдеу үшін, Қазақстан азаматынан тек қана куәлігі қажетті, зейнеткер болған жағдайда оған қосымша зейнеткерлік куәлігі қажетті болады, ал, әскери қызметші (жауынгер) болған жағдайда, әскери қызмет куәлігі қажетті болады. Несиені рәсімдеуді ешбір жаққа бармастан тікелей дүкеңімізде, 30 минут ішінде жасауға болады.

Алайда, тұтынушының төлемқабілеттілігін "Home Credit Bank" сараптайды, және буған біз ешқалай әсер ете алмаймыз.